Заммлер Қазақстан — Zammler халықаралық логистикалық компаниялар тобының бір бөлігі.
Біз логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынамыз. Ғаламтор арқылытапсырыстарды қабылдау мен өңдеуден бастап, қалааралық тасымалдау, мекенжай бойынша жеткізу, фулфилмент және қаптама материалдарын сатуға дейінгі қызметтерді
қамтиды. Біздің серіктестеріміз — халықаралық компаниялар, маркетплейстер және алдыңғы қатарлы ғаламтор-дүкендері.
Заммлер Қазақстан компаниясында біз тек логистикалық қызметтерді ұсынып қана қоймаймыз, сонымен бірге нарықты өзгертеміз. Күн сайын біздің команда жаңа тиімділік пен сапа стандарттарын қалыптастыратын шешімдер жасайды.
Сіз серпінді компанияның бір бөлігі бола аласыз, онда бағаланатындар:
Инновациялар мен технологиялар: Біз заманауи технологияларды енгізіп, жеткізу процестерін жылдамдатып, клиенттеріміз үшін қызметті жақсартамыз.
Командалық тәсіл: Әрбір қызметкер ортақ табысқа үлес қосып, маңызды рөл атқарады. Ашықтық, құрмет және сындарлы диалог — біздің өзара әрекеттесуіміздің негізі.
Жылдамдық пен нәтижелілік: Біз күрделі және ұзақ келісімдерден аулақпыз, шешімдерді тез қабылдап, бірден іске асырамыз.
Өзгерістерге жылдам бейімделу: Нарық жағдайлары мен клиенттердің сұраныстары өзгеріп отырады. Жылдамдық бізге процестерді бірден қайта реттеп, клиенттерімізге ең жақсы шешім ұсынуға мүмкіндік береді.
Біз жетістіктерімізбен шабыттандыратын және даму жолында үнемі алға ұмтылатын компания құрып жатырмыз — тек команда ішінде ғана емес, сонымен бірге клиенттеріміз үшін де!
Бізге қосылыңыз — логистиканың болашағын бірге жасайық!